Еліміздің астық экспорты 7,6 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды 24kz.
Бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 58%-ке артық. Өткен жылдың қыркүйегінен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта еліміз Өзбекстанға 2,7 млн тонна, Тәжікстанға 1,1 млн тонна, Иранға 889 мың, Әзербайжанға 569 мың тонна астық экспорттаған. Сондай-ақ Ауғанстан 270 мың тонна, Қырғызстан 181 мың тонна өнім импорттаған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, экспорт көлемінің артуы сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді.
Тегтер #астық экспорты #ҚР АШМ #сыртқы нарықPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz