Талдықорған қаласындағы көшеге Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы Сағадат Нұрмағанбетовтің есімі берілді.
Бұл туралы Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай өткен салтанатты шараға облыс әкімімен қатар батырдың туыстары мен қала тұрғындары қатысты. Көше атауын беру туралы бастаманы қалалық Қарулы күштер Ардагерлер кеңесінің өкілдері көтерген. Бұл бастама ономастикалық комиссия тарапынан қолдау тапты. Жаңа атау берілген көшенің ұзындығы – 1,7 шақырым. Айта кетейік, Сағадат Нұрмағанбетов – ержүрек жауынгер ғана емес, Қазақстан Қарулы күштерінің тізгінін ұстаған мемлекет қайраткері. Ол тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Қазақстан Армиясының негізін қалауға бар күш-жігерін жұмсап, өлшеусіз үлес қосты.
Рахым Қырбағатов, Қазақстан Қарулы күштері ардагерлерінің төрағасы:
- Қазақстан армиясын сақтап қалуға ол кісінің еңбегі өте зор. Ол кісінің қызметі бізге өте көп үлгі болды.
Тегтер #Талдықорған #Сағадат Нұрмағамбетов #Жеңістің 80 жылдығы #облыс әкіміPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz