RU
Толық нұсқаға өту

Ұлытаулық құтқарушыларға арнайы көліктер берілді

06.05.2025, 22:47 514

Ұлытаулық құтқарушыларға 18 көлік және бірнеше өрт сөндіру құралдары берілді, деп хабарлайды 24kz.

Олардың қатарында жол талғамайтын заманауи көліктер, үрмелі қайықтар мен таулы аймақтарда жүруге арналған квадроциклдер бар. Арнайы жасақталған техникалар республикалық және облыстық бюджет қаржысына сатып алынған. Жергілікті билік төтенше жағдайлар департаменті паркін жаңарту жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтады. Себебі, құтқарушылар қолданып жүрген арнайы көліктердің жартысына жуығы тозған. Сондай-ақ құтқару қызметінің жұмысын оңтайландыру мақсатында облыстың қала-аудандарында 4 өрт сөндіру депосы ашылады.

Есен Байыров, облыстық ТЖД бастығы:

- Бұлар «Ауылдық құтқарушылар» бағдарламасының арқасында алынып жатқан техникалар. Бұлар енді ауылдық жерлерге барып, сонда қызмет істейтін болады. Қазіргі біздің құтқарушыларға істеліп жатқан құрмет. Ұлытау облысы құрылғаннан бері 55%-ке жаңа машиналар келіп жатыр. Бұл төтенше жағдайлардың алдын алып, профилактикалық жұмыстар жүргізу үшін жасалып жатқан шаралар.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz