RU
Толық нұсқаға өту

Астаналықтар әскери шеруді тікелей эфирде тамашалады

07.05.2025, 15:10 631

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды әскери шеруді елордалықтар бірнеше алаңда тікелей эфирде тамашалады. Батырлық пен ерліктің символы сипатталған салтанатты шараны көруге келген қауымның қарасы қалың. Айбынды қазақ әскерінің әлеуетін паш еткен парадқа 200-ден аса әскери қару-жарақ пен техника, 66 әскери авиация ұшағы мен тікұшақ әкелінген. Мерекеде көптің көңілінен шыққан думанға біздің түсірілім тобы да қатысып қайтты.

Қазақстанда бес жылда болған алғашқы шеру. Елде 2019 жылдан бері 9 мамыр мерекесіне орай әскери парад өткізілмеген еді. Содан болар салтанатты шараны көруге келген жұрттың қарасы қалың болды. «Астана арена» алаңына елордалықтар мен қала қонақтары таңғы 10-нан бастап жиналды.

Жеңіс Атайұлы, қала тұрғыны:

- Бұл бір жағынан халықымыз үшін, еліміз үшін, жас буын үшін тәрбиелік жұмыс. Әкімшілік халық бірге болып ұйымдастырып бірлікті жерде осындай тату тәттілік болады. Бұл тәлім-тәрбиесі өте жоғары.

Фарида Қасенова, қала тұрғыны:

- Көңіл күйім өте тамаша. Бүгінгі шара маған қатты ұнап тұр. Тұрғындар мен қала қонақтарына арналған. Отан қорғаушы күніне арналған Нұра ауданы ұйымдастырған мерекелік шараға келдім. Өйткені мереке біздің қазақстандықтар үшін қасиетті мейрам саналады.

Шеруде азат елдің айбынына айналған қазақ әскерінің әлеуеті паш етілді. 4 мыңнан аса әскери қызметкер қатысқан шара тұрғындардың да көңілін таң-тамаша етті. Мерекеде Астаналықтар алаңға арнайы киініп келіпті. Кеуделеріне Жеңістің 80 жылдығы жазылған көк ленталарын тағып, әскери киімдерін үйлестіріп киген кішкентай көрермендер де жүр.

Мирас Әбдірахманов, қалалық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары:

- Біз қала тұрғындарына ыңғайлы болсын деп 3 жерден тікелей қосылым ұйымдастырып жатырмыз. ЕХРО аумағы, қалалық алаң Астана әкімдігі ғимаратының алдында, «Astana Music Hall» тұрақ аумағында. Осы жерде қатысып жатқан 1000-нан астам адам бар шығар. Парадтан кейін бізде 2 жерде концерт өтеді.

Мұнан соң тұрғындарға мерекелік концерт ұсынылды. Отандық эстрада жұлдыздары ән шырқап, думанды шараның көркін қыздырды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz