RU
Толық нұсқаға өту

Францияда соғыс жылдары қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерге тағзым етілді

07.05.2025, 21:39 671

Францияда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді.

Еске алу шарасы О-де-Франс аймағындағы Нуайе-Сан-Мартен зиратында өтті. Бұл - кеңес әскері жауынгерлеріне арналған Франциядағы ең үлкен қорым. Жеңістің 80 жылдығына орай ұйымдастырылған рәсімге Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Беларусь, Армения және Тәжікстанның дипломаттары қатысты. Олар ескерткіштерге гүл шоқтарын қойып, бір минут үнсіздік жарияланды.

Гүлсара Арыстанқұлова, ҚР Франциядағы Төтенше және өкілетті Елшісі:

- Бір жағынан үлкен сабақ болып, соғыс қайталанбасын деп, соны өзіміз және артымызда келе жатқан ұрпақтарға соны жеткізу маңызды. Екіншіден өкінішке қарай әлі де табылмаған, аты белгісіз, бірақ Еуропа елдерінде, оның ішінде Франция жерінде жатқан аталарымыз бар. Соларды іздеп тауып, сол кісілер туралы ақпаратты іздеп тауып, солардың жасаған ерліктерін ұмытылмасын деп іздеу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.  

Сильван Пинар, тарих жөніндегі қауымдастықтың жетекшісі:

- Сұрапыл соғыс жылдары Кеңес Одағының 27 млн азаматы қаза тапты. Олардың 20 миллионы қатардағы жауынгерлер. Осы зиратта кеңес әскерінің бірнеше мың сарбазы жерленген. Кейбірі Францияға кеніш пен зауытта жұмыс істеуге жіберілді. Бірақ, көбі Қарсыласу қозғалысына қосылды. Олар Кеңес әскерінің жауынгері бола тұра, Францияның еркіндігі үшін ерлікпен күресті. 

Франция аумағында қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің нақты саны әлі күнге дейін белгісіз. Еліміздің дипломаттары, сол майданнан туған жердің топырағы бұйырмаған сарбаздардың сүйегін іздеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz