RU
Толық нұсқаға өту

Өскеменде ескі көпірлер жөнделіп жатыр

08.05.2025, 07:52 394

Өскеменде қолданыстағы көпірлер жөнделіп, тағы жаңадан салынады, деп хабарлайды 24kz.

Қала ортасынан Ертіс пен Үлбі өзені ағатындықтан логистикалық жоспары қайта қаралады.

Көлік саласы мамандарының айтуынша, қазіргі көпірлердің жүктемесі көп. Тиісінше, бұл олардың техникалық жағдайына әсер етеді. Көлік кептелістерін азайту үшін қалада келер бірнеше ірі шағын аудандарды байланыстыратын жаңа көпірдің құрылысы басталады.

Өскеменге кіреберіс бұл көпірдегі көлік кептелісі үйреншікті құбылыс. Әсіресе, қарбалас сәтте қозғалыс қиындай түседі. Қаланы Ертіс пен Үлбі өзені бөліп тұрғандықтан көпірлер стратегиялық маңызы бар нысан саналады. Бұл жерден күн сайын 10 мыңнан астам көлік өтеді.

Қазір қаланың көлік логистикасы жоспары бұзылған. Ертіс арқылы өтетін көпірде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Осыған байланысты оның өткізу мүмкіндігі жартылай азайған. Сондықтан жүргізушілер айналма жолдарды таңдағандықтан, тиісінше, бұл басқа көпірлерге түсетін жүктемені арттырады.

Рахат Оралбеков, Техникалық университеттің халықаралық инженерия мектебінің аға инженері:

- Осы көпірлердің жұмысында кез келген ақау жол-көлік оқиғасы немесе жөндеу жұмыстарына байланысты болсын бүкіл қаланың қозғалысына кері әсер етеді. Яғни, қаланың көлік логистикасы бұзылады, ал көлік логистикасының басты заңы – тауарды немесе жолаушыны уақытында жеткізу. Демек бұл қағида сақталмай қалады.

Қалалық әкімдік өкілдерінің хабарлауынша, қолданыстағы көпірлерді жөндеу жобасы әзірленіп жатыр. Соның негізінде жол жабындысы ауыстырылып, күшейтіледі. Ертіс көпіріндегі барлық жолақ бойынша қозғалыс айдың соңына дейін ретке келтіріледі деп жоспарланған

Замира Мұрсәлімова, қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

- Ертіс көпірінде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазір жол жабындысының сапасына талдау жүргізіліп жатыр. Сол қорытындыға сүйене отырып, көпірді толық жөндеуді бастаймыз.

Бірақ қолданыстағы көпірлерді қалпына келтіргенімен, мәселе толық шешім таппайды. Сондықтан келер жылы республикалық қаржы есебінен қалада жаңа көпір салына.

Нұржан Жұмәділов, Жолаушылар көлігі және автожолдар басқармасының басшысы:

- Жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу бойынша конкурс аяқталды. Алматыдан екі, ал Астанадан бір мекеме қатысты. Жоба бойынша сараптамалар жыл соңына дейін және келер жылдың басына дейін жүргізіледі. Ал құрылысты 2026 жылы бастаймыз.

Сонымен қатар жобалаушылар көпірлер бағытындағы жолдардың жүктемесін есептеп, қажет болған жағдайда оларды кеңейтуді көздейді. 

Авторлары: Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz