RU
Толық нұсқаға өту

Елімізде алдағы үш жылда алтын өндіру саласында 3400 адам жұмыспен қамтылады

08.05.2025, 14:48 522

Елде алдағы үш жылда алтын өндіру саласына 780 миллиард теңге инвестиция тартылып, 13 ірі жоба іске асады, деп хабарлайды 24kz.

Осылайша, 3400 жаңа жұмыс орнын құру көзделіп отыр. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің ақпарат ресурсы хабарлады. 2028 жылға дейін 20 миллион тоннадан астам кен өңделеді. Ал кейінгі он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асты. Олар жылына шамамен 27,2 млн тонна кен өңдейді. Осы аралықта алтын өндіру саласына 460 млрд теңге инвестиция салынып, 4400 жаңа жұмыс орны ашылды. Қаражаттың басым бөлігі Ақмола, Абай облыстарында фабрикалар салуға бағытталды. Сондай-ақ Қарағанды, Павлодар облыстарында іске асқан жобалар бар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz