RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт жел электр станциясы салынады

08.05.2025, 15:35 883

Жамбыл облысында Біріккен Араб Әмірліктері қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салады, деп хабарлайды 24kz.

Мемлекеттер арасындағы ірі жобаларды іске асыру туралы келісім бүгін Сенатта мақұлданды. Электр станциясын салу кезінде қуатты жинақтаудың заманауи жүйесі енгізіледі. Бұл жел күшейген уақытта артық өндірілген электр қуатын жинақтап, жүктеме шегіне жеткен сәтте оны желіге жіберуге мүмкіндік береді. Инвесторларға жер учаскесі жалға беріледі. Ал өңірдегі желіге энергияның жаңа көлемін беру үшін 400 шақырымнан астам электр желілері салынады. Жоба аясында шамамен 100 тұрақты және 1000 уақытша жұмыс орнын ашылады. Бұл 1,4 млрд АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Қазір елімізде қуаты 3 мың МВт-тан асатын 150-ге жуық баламалы энергия көзін өндіретін нысан жұмыс істейді. Олардың көпшілігі жел және күннен қуат алатын станциялар.

Шәкәрім Бұқтұғытов, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Жел электр станциясын салу, электр энергиясын өндіру көлемін көбейту қатар энергия жүйесінің тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді. Себебі мұнда генерация мен тұтынуды тиімді басқару жүзеге асырылады. Жел электр станциясын энергия жүйесіне қосу үшін ұзындығы 400 шақырымнан астам жоғары кернеулі электр желілерін салу қажет. Жоба аясында Қазақстанның Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік аймағының транзиттік әлеуетін арттыру көзделіп отыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz