RU
Толық нұсқаға өту

Соғыс ардагеріне Президенттің құттықтау хаты табысталды

08.05.2025, 19:10 918

Қарағанды облысында тұратын ардагер Анна Котоваға Жеңістің 80 жылдығына орай Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты табысталды, деп хабарлайды 24KZ. Анна Никаноровна – аудандағы жалғыз соғыс ардагері.  

1943-1945 жылдары 2-ші Украина майданындағы эвакуациялық госпитальда мейірбике болған. Курск шайқасына қатысқан. Елге оралған соң денсаулық сақтау саласында жұмыс істеді. Кейуана қазір 101 жаста. Мерекеге орай майдангердің үйіне өнерпаздар мен жастар да барып құттықтады. Олар патриоттық өлеңдер оқып, соғыс жылдарындағы әндерді орындады. Жақында жергілікті кәсіпкерлер ардагердің баспанасына күрделі жөндеу жасап берген еді. 

Анна Котова, соғыс ардагері:

- Баршаңызға денсаулық, бақыт тілеймен! Бейбітшілігіміз баянды болсын! Жеңіс күніне орай келіп, құрмет көрсетіп жатыр. Алғысым шексіз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz