Петропавлдықтар соғыста алған жарақатынан жергілікті госпитальдарда қайтыс болған жауынгерлерді еске алды. Оларға арналған ескерткішке гүл қою рәсімі майдангерлер жерленген жабық зиратта өтті. Жеңіс күні қарсаңында қоғам белсенділері мен еріктілер «Таза Қазақстан» акциясы аясында тағзым ету орындарын қоқыстан тазартып, айналасын абаттандырды.
Сонымен қатар қаза тапқандардың аты-жөні жазылған тақтайшаларды сырлап, ретке келтірді. Жиналғандар ұрыс даласында жан алысып, жан беріскен боздақтарды еске алып, ерліктерін өскелең ұрпаққа үлгі етті.
Александр Зель, «AMANAT» партиясы «Болашақ» филиалының атқарушы хатшысы:
- Бұл жерде Екінші дүнижүзілік соғысы кезінде Петропавлдағы госпитальдарда қаза тапқан 200-ден аса моласы бар. Партия мүшелері мен қоғам белсенділері сәуір айында ескерткіштер маңын қоқыстан тазалап, сырлап қалпына келтірді.
Тегтер #Петропавл #майдангерлер #Таза Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz