Жастарға әскери-патриоттық тәрбие беру – мемлекеттің өміршеңдігіне әсер ететін негізгі рухани тірек бола отырып, қоғамның дамуына, азаматтың адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына, жастардың әскери іске қызығушылығын арттыруға негіздейтін маңызды бағыттардың бірі. Бұл жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біз тәуелсіз еліміздің айбынды жастарына әрқашан зор үміт артамыз, сенеміз. Қазақстанның әрбір жетістігі – жас өрендердің алаңсыз, жарқын келешегі үшін жасалған қадам. Бүгінде біздің елімізге барша әлем қауымдастығы құрметпен қарайды», – дейді.
Айта кетейік, былтырдан бастап елдегі әскери гарнизондарының инфрақұрылым объектілерін күрделі жөндеу және салу жұмыстары жүзеге асырылып жатыр. Заманауи техникалар: броньды дөңгелекті машиналар, зымыранды-артиллериялық, ауыр жалын атқыш жүйелер қосылып жатыр. 2024 жылдан бастап әскери қызметтің тартымдылығын арттыру үшін әскерге барғандарды грантпен оқыту және «кредиттік каникул» мәселелері шешілді.
Тегтер #Әскери патриоттық тәрбие #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz