«Алматының тарихи жады» жобасы іске қосылды. Оның аясында 2GIS жүйесіне шаһардағы сәулет ескерткіштері, монументалды өнер туындылары туралы ақпарат жаңартылып енгізілді.
Сонымен қатар даңқты батыр Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Талғат Бигелдинов, жазушы Мұхтар Әуезов, академик Қаныш Сәтбаев сияқты танымал тұлғалардың жерленген орындары туралы мәліметтер де қосылды. Барлық ақпарат үш тілде болады. Енді кез келген адам осы нысандарды картадан оңай тауып, тарихымен танысып, зиярат ету үшін қажетті жол бағытын құра алады. Мұндағы мақсат – ел тарихы мен мәдениетінде маңызды рөл атқарған тұлғалардың есімін ұлықтау. Мұндай жоба АҚШ, Ұлыбритания, Түркияда бар.
Елдос Тоқтарбай, әдебиеттанушы:
- Алматының архитектурасында ізі қалған тарихи тұлғалардың қайда жерленгені және қазақтың маңдайына біткен біртуар тұлғалары және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтың қолбасшылары мен батырларының қайда жерленгені және Алматыдағы ескі ғимараттар қашан, қай уақытта, кімнің негізінде салынғанын бүгінгі ұрпақ білу үшін және Алматы қаласына Қазақстанның ішкі аймақтарынан және сырттан келетін азаматтарға ішкі туризмді дамыту мақсатында осы жобаны ойластырып отырмыз.
Тегтер #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz