Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойына орай Түркістан облысы Қазығұрт ауданында қазақтың үш батыр қызы Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова және Хиуаз Доспановаға арналған еңселі ескерткіш ашылды.
Қазақтың қайсар қыздарына арналған монумент нақты қай жерде орналасқан? Көлемі қандай?
Жандос Жұмабек, тілші:
- Аты аңызға айналған қазақтың батыр қыздарына арналған еңселі ескерткіш Сарапхана ауылындағы тарихи-этнографиялық «Мәңгілік ел» саябағында бой көтерді. Қазығұрт тауының етегінде орналасқан бұл төбе - аудандағы ең көрікті жерлердің бірі. Ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне Түркістан облысы мен Шымкент қаласының ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен аудандан тұрғындары қатысты. Композициялық монумент қоладан құйылған. Тұғырымен бірге алғанда мүсіннің жалпы биіктігі 5,5 метр. Салмағы 2 тоннадан асады. Манументтің артында биіктігі 6 метрлік стелла орналасқан. Қазақтың үш батыр қызының ескерткіші саябақтың қақ ортасында, күншығысқа көз тігіп тұр. Шымкент - Ташкент халықаралық күре жолының бойында алыстан менмұндалайды. Ерлік пен өжеттіктің, нәзіктік пен намыстың символына айналған айналған батыр қыздардың бейнесі «Жеті жарғы» және «Қожаберген жырау» халықаралық қоғамдық қорының демеушілігімен еңсе тіктеді. Қазір менің қасымда осы қордың төрағасы, белгілі қоғам қайраткері Бекет Тұрғараев тұр. Қазақтың батыр қыздарының ескерткішін ашу туралы ой қайдан келді?
Бекет Тұрғараев, қоғам қайраткері:
- «Мәңгілік ел» саябағының аумағы 10 гектар жер. Мұнда қазақтың үш биінен бастап, Салқам Жәңгір, Алаш арыстары, Анаға тағзым, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған 30-ға жуық ескерткіш орын тепкен. Парк аумағында 5 мың түп ағаш егілген. Бұл жер бүгінде 110 мың халқы бар Қазығұрт ауданы тұрғындарының сүйікті демалыс орнына айналған.
Тегтер #Түркістан облысы #9 мамыр #Жеңіс күні #батыр #қыз #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz