Шымкент қаласындағы «Даңқ мемориалының» мәрмәр тақтасы тағы жаңартылды.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай, бұрын тізімге енбей қалған 26 соғыс ардагерінің есімі жазылды. Салтанатты шараға жиналған қала тұрғындары мен қонақтар батыр бабалардың рухына тағзым етіп, ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Майданға оңтүстіктен 140 мыңнан астам жауынгер аттанды. Соғыс даласында ерлік көрсетіп, елін қорғаған батырлар ешқашан ұмытылмайды. Қала тұрғындары жылдағы дәстүр бойынша «Мәңгілік алау» монументіне гүл шоқтарын қойып, марқұмдарды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Айтулы іс-шарада «Ұлт жадындағы Ұлы Жеңіс», «Қазақ сарбаздарының қайталанбас ерлігі» және «әскери өмірден сыр шертетін жарқын сәттер» сахналық қойылымдармен насихатталды. Өнерпаздар «Катюша», «Ана туралы баллада», «Жеңіс күні» сияқты тақырыпта ән шырқады. Көпшілікке майданның «дала ботқасы» ұсынылды. Ата-баба рухына тағзым етуге келген тұрғындар ерекше әсерге бөленіп, тасқа қашалған жаңа есімдермен таныс болды. Республикалық «Атамның аманаты» ұйымының іздеу тобы соғыс даласына аттанғандарға тиесілі «Даңқ ордендері» мен «Ерлігі үшін медальдарын» майдан даласынан тапқан. Осыдан кейін Отанына оралмай қалған ардагерлердің есіміне зерделеу жұмыстары жасалып, әскери комиссарияттарда тіркелмей қалғаны белгілі болды. Олардың Сарыағаш, Төле би, Сайрам аудандары мен бұрынғы облыс орталығында туғаны белгілі болды. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында жауынгерлердің есімі мәрмар тасқа қашалды.
Серікбай Оңбаев, ҚР Қарулы күштерінің ардагерлері РҚБ Шымкент филиалының төрағасы
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Шымкентте Жеңіс күнін ІІ дүниежүзілік соғыстың ардагерлері Мұраталы Төлепбергенұлы мен Нина Масунова қарсы алды. Ғасыр жасаған қарт майдангерлерге құрмет артпаса кеміген жоқ. Бүгінгі ұрпақ олардың батасын алып, бейбіт күн үшін алғысын білдірді.
Тегтер #Шымкент #Даңқ мемориалы #9 мамыр #Жеңіс күні #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz