RU
Толық нұсқаға өту

Жеңіс күні Көкше төрінде. LIVE

09.05.2025, 13:30 908

Жеңіс күнін ақмолалықтар да айрықша атап өтіп жатыр.

Қаладағы барлық көрікті жерлер мен орталық алаңдарда театрландырылған көріністер көрсетіліп, әскери әндер шырқалуда. Жеңіс күні қалай өтіп жатыр? 

Абзал Азаматұлы, тілші:

- Ақмолалықтар жыл сайын Жеңіс күнін ерекше атап өтеді. Қазір біз Көкшетаудағы орталық алаңдамыз. Бұл жерде бір емес, екі бірдей даңқты жерлесіміз, Кеңес Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтің ескерткіші орнатылған. Яғни жиналған халық алдымен қос батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухтарына тағзым етті. Сондай-ақ «Мәңгілік алау» мемориалды кешенінде қан майданда қаза тапқан жауынгерлерді еске алу шарасы өтті. Жалпы Ақмола облысынан сұрапыл соғысқа 90 мыңға жуық адам аттанып, олардың тек жартысына жуығы ғана аман-есен оралды. Өкінішке орай, ол кісілердің қатары да қазір жылдан-жылға сиреп барады. Мысалы, былтыр Жеңіс күнін аймақта 5 майдангер қарсы алса, биыл облыс бойынша көзі тірі 3 ардагер ғана қалды. Сондай-ақ 1600-ге жуық тыл ардагері бар. Біз осыған дейін тыл ардагерлерінің бірімен сұхбаттасқан едік. Алдымен сол сұхбатқа кезек берсек.

Теңбай Ыбраев, тыл ардагері:

- Біздің әкелеріміз соғыста болды. Біз жас күнімізден 6 жасымыздан тылдан еңбек еттік. Бұл мерекенің ерекшелігі кейінгі жастарға үлгі. Өйткені соғыс деген жаман дүние ғой. Жастар соны білу керек. Елімізде енді соғыс болмасын.

Абзал Азаматұлы, тілші: 

- Ал орталық алаңдағы шаралар легі «Ұлы жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты театрландырылған қойылыммен басталды. Онда зұлмат жылдағы көріністер көрсетіліп, көпшіліктің көзіне еріксіз жас ұялатты. Дәл қазір менің қасымда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермек Нұғыманов тұр. Ермек Бекенұлы, биыл біздің аймақтағы майдангерлер мен тыл ардагерлеріне қандай қолдау көрсетілді? 

Шияп Әлиев, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы

Абзал Азаматұлы тілші:

- Айта кетейік, тек облыс орталығында ғана емес, барлық ауданда осындай шаралар ұйымдастырылған. Жалпы, екінші дүниежүзілік соғыста ерлігімен ерекше көзге түскен ақмолалық батырлар көп. Жаңа ғана айтқан Мәлік Ғабдуллин мен Талғат Бигелдиновтан бөлек Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев, даңқты композитор Рамазан Елебаев, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағанбетовтардың барлығы осы өлкенің мақтаныштары. Оқ пен оттың ортасында болашақ ұрпақ үшін күрескен майдангерлер ешқашан ұмытылмайды. Батырларға мың тағзым.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz