RU
Толық нұсқаға өту

Мәулен Әшімбаев Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоғын қойды

09.05.2025, 13:49 861

Сенат төрағасы Жеңіс күніне орай Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

От кешіп, опат болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Шараға ардагерлер ұйымдары мен күш құрылымдарының өкілдері және әскери қызметшілер мен Сенат депутаттары қатысты. Мәулен Әшімбаев ұрпақтың бейбіт заманы үшін өмірін құрбан еткен Мәншүк Мәметова және барлық майдангердің ерлігі ешқашан ұмытылмайтынын айтты. Соғысқа қатысқан аға буынды ардақтап, рухтарына тағзым ету – біздің азаматтық парызымыз, деді. Сондай-ақ Сенат төрағасы соғыс ардагері Василий Сердюковты Жеңіс күнімен құттықтады. Василий Сердюков 1943 жылы 17 жасында майданға аттанған. Беларуссиядағы артиллериялық әскер қатарында және 26-миномет бригадасында болып, Минск пен Варшаваны азат етуге қатысты.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz