RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда Жеңістің 80 жылдығына арналған ауқымды мерекелік іс-шаралар өтті

09.05.2025, 20:53 437

Соның бірі 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағында ұйымдастырылды, деп хабарлайды 24kz.

Салтанатты рәсімге ардагерлер, әскерилер, қоғам қайраткерлері мен қала тұрғындары қатысты.

Саябаққа көп адам жиналды. Іс-шара барысында «Мәңгілік алауға» гүл шоқтары қойылды. Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің туыстары жақындарын бір минут үнсіздікпен еске алды.Соғыс кезіндегі әндер орындалған мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ ардагерлер мен олардың туыстары естеліктерімен бөлісіп, өлең оқып, ән шырқады.

Үсен Шәкенов, Ардагерлер кеңесінің төрағасы:

- Бүгінгі Жеңістің 80 жылдығымен құттықтай отыра, сіздерді, жасөспірімдерді Отанды сүюге, патриоттық сезімдеріңізді оятып, бәріңіз тек қана көріне беріңіздер. Әрқашан заманымыз тыныш, халқымыз аман болсын.

Мереке аясында Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Сағадат Нұрмағамбетов және басқа да батырлардың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. «Отан ұлдарына мәңгілік тағзым» және «Белгісіз жауынгер» мемориалдары да назардан тыс қалған жоқ.

Нұржамал Әшімхан, ҚР Мәдениет қайраткері:

- Бүгінгі ерекше күн. Ерекше сәт. Бүгінгі сол ерекше сәтте айналамыздың бәрі мерекеге толы. Әрқашан да мерекелік күніміз құтты болсын. Әрқашан да Жеңіс күні. Әрқашан да Жеңіс күні тойлай берейік.

Алматыда 21 соғыс ардагері тұрады. Майданда ерлік көрсеткен ерлер құрметіне 200 көшет егілді. 28-ші панфиловшылар саябағында 29 ағаш тамыр жаятын болады. Бұл – ерлікті ұлықтау мен бейбіт өмірге деген шексіз алғыстың белгісі.

Авторлары: А.Садуақас, К.Амраев

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz