RU
Толық нұсқаға өту

Павлодар облысында өрттің алдын алу шаралары күшейтілді

11.05.2025, 09:47 365

Павлодар облысында көктем шыққалы 10 рет дала өрті болған.  Ал қала маңындағы саяжай аумағынан шыққан өрт 400-ге тарта учаскені күлге айналдырды, деп хабарлайды 24kz.

Күн ысығалы өрт қаупі да жоғары. Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы күрес қызметі күшейтілген жұмыс кестесіне көшті.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Саяжай маусымы басталғалы өрт сөндірушілер ақпараттық насихат жүргізіп жатыр. Ескерту жадынамасы тіпті кәуап пісіруге арналған көмірдің қабына да жапсырылып жатыр. Бұл ұсыныс кәсіпкерлер тарапынан да қолдау тапты.

Светлана Кузьмина, сауда ұйымының өкілі:

- Біз Төтенше жағдайлар департаментімен әріптестікте жұмыс істейміз. Олар біздің тауарымызға өрт қауіпсіздігін сақтауға үндейтін қағаздар жабыстырады. Бұл өте маңызды деп ойлаймын. Өйткені көмірді бірінші кезекте табиғат аясында демалатындар мен саяжайға баратын адамдар сатып алады.

Өңірде орман және дала өртінің алдын алу  күшейтілді. Төтенше жағдайлар департаментінің өртке қарсы күрес қызметі  дрондардың көмегімен, барлау жасайды. Саяжай учаскелері мен демалыс орындарына қауіпсіздік шараларын сақтауға үндейтін жазбалары бар қоқыс контейнерлері орнатылып жатыр. Ал бағбандарға жадынамалар таратылады.

Оразбек Уәлиханов, облыстық ТЖД Мемлекеттік өртті бақылау басқармасының бастығы:

- Қазіргі таңда облыс аумағында 10 орман өрті тіркелген. Енді саяжайларға келетін болсақ, саяжайларда оннан астам өрт шақыру орнына шықты төтенше жағдайлар қызметкерлері. Ең басты себептері ол өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып табылады.

Аптап ыстықта өрт қаупі арта түседі. Құтқарушылар тұрғындарды қарапайым ережелерді есте сақтауға шақырады. Табиғат аясында бау-бақшалар мен жекеменшік тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігін сақтамағандарға айыппұл салынады.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев, Марат Игіліков

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz