Ақмола өңірі де 500 шақырымнан аса жолды жаңартады.
Биыл бұл салаға 60 млрд теңге бөлінген.
Оның ішінде әбден тозығы жеткен аудан және ауыл көшелерінің үлесі басым.
Абзал Азаматұлы, тілші:
- Бұл Бурабай мен Біржан сал аудандарын байланыстыратын жалғыз жол. Екі аймақтың да туристік әлеуеті зор. Елу шақырымға жуық жол туристерден бөлек, жергілікті тұрғындардың да әбден қажытқан. Қазір тозығы жеткен күре жол толығымен жаңартылып жатыр.
БЛИЦ:
- Қаншама жыл күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілмеді. Күніне жүздеген көлік жүреді. Қатты қиналып кетіп едік. Енді жұмыстың тезірек аяқталғанын күтіп жүрміз.
- Жол деген совсем болған жоқ. Жол нашар. Қазір істеп жатыр. Білмеймін көмектеседі ме, білмеймін. Сапалы істесе жақсы болушы еді.
Щучинск-Степняк-Уәлиханов бағытындағы жөнделетін жолдың жалпы ұзындығы 42 шақырым. Қазір 35 шақырымы аяқталды. Құрылыс жұмыстарына облыстық қазынадан 9 миллиардтан астам теңге бөлінді.
Михаил Щетинин, құрылыс учаскесінің басшысы:
- Біз осы жылы Щучинск қаласындағы айналма жолға дейін жетеміз. Осылайша жұмыстың басым бөлігі орындалады. Сондай-ақ 32 су өткізу құрылғысында жаңартып жатыр. Оның 27-сінде жұмыс аяқтады. Жоба келер жылы аяқталады.
Бұдан бөлек Атбасар мен Сочинское ауылының аралығындағы тас жолдың да әбден тозығы жеткен. Салдарынан 3 ауылдың халқы қалаға қатынай алмай қиналады. Қазір облыстық маңызға ие күрежол жөнделіп жатыр.
Жұмабек Хайролла, облыстық жолаушылар көлігі және аж басқармасы басшысының орынбасары:
- Биыл Атбасар-Сочинское бағытындағы жолдағы көпір құрылысы аяқталады. Жалпы бұл жолды жөндеуге 2 млрд теңге бөлініп отыр. Шамамен 30 шақырымға жуық жолға асфальт төселеді.
Сонымен қатар биыл облыстағы бірқатар ауылдың жолдары жаңарады. Мәселен, 47 елді мекеннің жолына асфальт төселеді. Қазір өңірде осы бағытта 109 жоба жүзеге асып жатыр. Жауаптылар жолдың сапасына да баса көңіл бөледі. Яғни жөнделетін әр жолдан сынама алынып, сараптамаға жіберіледі.
Абзал Азаматұлы, Виктор Полянный
Тегтер #Ақмола облысы #жол жөндеу жұмыстары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz