RU
Толық нұсқаға өту

Жетім балаларды тәлімгерлікке алушылар оқу курсынан өтуге міндетті болады

12.05.2025, 13:40 419

Елімізде жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды тәлімгерлікке алушылар екі апталық курстан өтуге міндетті болады.

Оқытуды тәлімгерлікпен айналысатын ұйымдар жүргізеді. Кандидаттар жазбаша өтініш беріп, қажетті құжаттарды тапсырады. Курсты аяқтаған соң тестілеу өткізіліп, оны сәтті тапсырған азаматтарға сертификат беріледі. Оқу-ағарту министрлігінің тиісті бұйрығы 30 сәуір күні жарияланды. Дайындықтан өткен тәлімгерлер балалардың әлеуметтенуіне және ересек өмірге дайындығына тиімді көмектесе алады, дейді мамандар. естеріңізге сала кетейін, елімізде тәлімгерлік институты былтыр енгізілген. Ол ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың үлкен өмірге дайындығына оң ықпал етеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz