Шығыс Қазақстан облысының құтқарушылары таулы жерлердегі іс-қимылдарын жетілдіру мақсатында кезекті оқу-жаттығуын өткізді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл жолы олар Риддер өңірінде орналасқан, теңіз деңгейінен 2630 метр биіктікте әлі де қар құрсауында жатқан «Үш ағайынды» шыңына көтерілді. Тауға шығу сырт көзге оңай көрінгенімен, шын мәнінде, бұл –күрделі сынақ. Қар жамылған шатқалдар мен ауа температурасының күрт төмендеуі жағдайды одан әрі қиындатады. Мұндай табиғи тосқауылдарға қарамастан, құтқарушылар отряды өз кәсіби шеберліктерін шыңдады. Олар құтқару операцияларына арналған арнайы жабдықтарды пайдалана отырып, альпинистік дағдыларын дамытты. Таңсәріден жолға шыққан топ жеті сағат ішінде шыңның ең биік нүктесіне жетіп, көк Туды желбіретті.
Ерік Бұлғынбаев, ШҚО ТЖД бөлім басшысы:
- Дайындықты жетілдіріп тұрған өте дұрыс. Өйткені тау аралап, түрлі оқыс оқиғаға тап болған туристер жиі кездеседі. Сондықтан құтқарушылар экстремалды жағдайға сақадай-сай болуы қажет. Шыңға өрмелеу климаттағы өзгеріске тез бейімделуге, таудағы қиындықтарға төзе білуге, ширақтыққа үйретеді.
Тегтер #Шығыс Қазақстан облысы #құтқарушылар #оқу жаттығуPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz