RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте асфальт-бетон өндіруші 13 зауыттың жұмысы сапаға сай емес

12.05.2025, 20:25 492

Шымкентте асфальт-бетон өндіруші зауыттардың жұмысы талапқа сай болмай шықты, деп хабарлайды 24kz.

Жол құрылысының сапасын бақылайтын ұлттық орталық өкілдері жүргізген мониторинг нәтижесінде 13 кәсіпорынның қажетті өнім шығаруға дайын емесі анықталды. Олар асфальт құрамына қосылатын қоспалардың нақты рецебін түзбей, сапа талабына жауап беретін құжат рәсімдеген. Сонымен қатар шикізатты тексеруге арналған зертханалық база жасақтамай жұмыс істеген. Экологиялық қауіпсіздік нормаларын сақтау міндеттемесін алмаған. Анықталған кемшіліктер жол құрылысына тапсырыс беруші мемлекеттік органға жолданды. Биыл 41 көшеге орта және 11 жолға күрделі жөндеу жоспарланған.

Ермек Намазов, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» қалалық филиалы директорының м.а.

- Негізгі мақсатымыз – қаламызға сапасыз қоспаларды, асфальттарды кіргізбеу. Шілде айына дейін асфальт-бетон сезоны басталғанға дейін реттеу керек. Қазіргі таңда тапсырыс берушілерге жолданды. Бүкіл ақпарат қоспалар бойынша.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz