RU
Толық нұсқаға өту

Шымкентте 163 жеке сот орындаушысы жауапкершілікке тартылды

12.05.2025, 21:58 439

Шымкентте 163 жеке сот орындаушы тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды 24kz.

Әділет департаментіне тұрғындардан түскен 5500-ге тарта арыз-шағымға талдау жүргізіліп, осындай шешім шыққан. Олардың алимент өндіруге қатысты сот талабын уақытында орындамағаны анықталды. Сондай-ақ нақты шаралар қолданбау, істі аяқсыз қалдыру дерегі көптеп тіркелген. Алдағы уақытта жұмысына немқұрайлы қараған жеке сот орындаушылардың әрекеті қайталанса лицензиядан айыру мәселесі қарастырылады. Былтыр заңсыздыққа жол берген 5 маман аластатылған. Бүгінде жеке сот орындаушыларының өндірісінде 657 мың іс бар.

Айнұр Исабекова, қалалық әділет департаментінің басшысы:

- Бұл ретте Әділет департаменті сол заңбұзушылықтарды қалпына келтіру. Яғни, оларды жою. Егер де орындалмаған іс-шаралар болса, оларды әлде де қабылдау бойынша ұсыныстар енгізеді. Тек қана тәртіптік шаралармен шектелмейміз. Керісінше, іс бойынша толықтығын қамтамасыз ету мәселесіне де назар аударамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz