Арал қаласында теміржолды қиып өтетін жаңа автокөлік көпірі пайдалануға берілді, деп хабарлайды 24kz.
Бұл аудан тұрғындары үшін көп жылдан бері шешімін таппай келген өзекті мәселенің бірі болатын. Жаңа нысанның іске қосылуының нәтижесінде аудан орталығындағы жалғыз өткелде жиі туындайтын ұзын-сонар кептеліс жойылып, жаяу жүргіншілердің теміржолды кедергісіз әрі қауіпсіз кесіп өтуіне мүмкіндік туды. Ұзындығы 940 метр болатын көпір қаланың екі бөлігін жалғайды. Әрқайсысында 20 мыңнан астам тұрғын тұратын бұл шағын аудандар арасындағы қатынас енді әлдеқайда жеңілдеді. Жоба құны 3 миллиард теңгеден асады.
Байнияз Тлепов, Арал қаласының тұрғыны:
- Менің де немерелерім арғы беттен бергі бетке өтеді. Күнде саққа баруға, кейде кешігіп қалады. Пойыздың кедергісінен. Енді келешекке осы көпір халыққа қызмет жасай берсе, жақсы болар еді.
Тегтер #Арал #автокөлік #көпір #тұрғындарPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz