RU
Толық нұсқаға өту

Бес жасар баланы пышақтаған жасөспірім мәжбүрлеп емдеуден өтеді

13.05.2025, 12:50 403

11 ақпанда жеделсатыда бес жасар балаға пышақ сұққан жасөсіпірім мәжбүрлеп емдеуден өтеді. Бұл туралы Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

Сараптама жасөспірімнің созылмалы психикалық ауру салдарынан, өз әрекеттерінің сипаты мен қауіптілігін түсінбегенін көрсетті. Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған уақытта есі дұрыс емес күйде болған адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Сондықтан сот қаулысымен бүлдіршінді пышақтаған жасөспірім Талғар ауданы Ақтас ауылындағы қатаң бақыланатын мекемеде мәжбүрлеп емдеуден өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz