Ақтауда заңсыз жолмен үлескерлермен 590 келісімшарт жасаған компания басшылары сотталды, деп хабарлайды 24KZ. Тергеу барысында «ИнтерьерСтройАқтау» серіктестігі құрылысты жобалық-сметалық құжатынсыз және лицензиясыз жүргізгені анықталды. Осылайша «Сұлтан», «Аққала» және «Мұрагер» көпқабатты тұрғын үйлерді салу кезінде аса ірі көлемде алаяқтық фактісі тіркелді. Салдарынан үлескерлерден 5,5 млрд теңге жымқырылған. Жәбірленушілердің талаптарына сай 1 млрд 100 млн теңге көлеміндегі мүлік тәркіленіп, өтем ретінде төленген.
Салтанат Көшербаева, ҚР ҚМА басқарма басшысы:
- Құрылыс жұмыстары талапқа сай жүргізілмеген және белгіленген мерзімде аяқталмаған. 1,9 млрд теңге көлеміндегі қаражат жалған құрылыс актілері арқылы қолма-қол ақша ретінде кассадан шығарылып, компания басшылығы тарапынан иемделген. Тергеу барысында 5 жер телімі мен 47 автокөлікке тыйым салынды. Сот үкімімен компания басшылары 3,5 жылдан 6,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Тегтер #Ақтау #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz