RU
Толық нұсқаға өту

Ақмола облысында өрт қауіпсіздігін сақтамаған 18 адам жауапқа тартылды

13.05.2025, 13:40 365

Ақмола облысында соңғы бір айда 140-қа жуық дала өрті тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Мамандар өрттің шығуына көбінесе адами факторлар себеп екенін айтады.

Сонымен қатар қала іргесіндегі саяжай аумағында да өрт қауіпсіздігін бұзу дерегі көбейген. Тек соңғы аптада төтенше жағдай қызметкерлері қауіпсіздікті сақтамаған 18 адамды анықтады. Олардың 8-і ескертумен шектелсе, 10 адамға жалпы соммасы 766 мың теңге әкімшілік айыппұл салынды. Қазір саяжайдағы үйлерде өрт қауіпсіздігі шаралары күшейтілді.

Ерсайын Қойшыбаев, облыстық ТЖД ресми өкілі:

- Саяжайдағы үйлер өте тығыз орналасқан. Сондықтан өрт тез таралады. Оған қоса мұнда желдің екпіні қатты. Ол да өртті өршітіп жібереді. Сол себепті саяжайдағы үйлерді қатаң бақылауға алып, үнемі осындай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп тұрамыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz