Азық-түлік келісімшарт корпорациясы үш облысты әлеуметтік бағадағы күнбағыс майымен қамтамасыз етті, деп хабарлайды 24KZ. Олар Ақмола, Қызылорда және Қарағанды өңірлері. Қазір «Кokshe», «Байқоңыр» және «Сарыарқа» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорацияларымен бекітілген баға бойынша 83,2 мың литр күнбағыс майын жеткізу бойынша келісімшарт жасалған. Дайын өнімнің бір бөлігі сауда желілеріне жөнелтілген. Ал қалған бөлігін жәрмеңкелерде сату жоспарланған.
Айта кету керек, былтыр наурыз айында ұлттық астық операторы күнбағыс өсірумен айналысатын шаруаларды алдын ала төлем негізінде қаржыландырған болатын. Ал олар өз кезегінде астықты жинағаннан кейін шикізатты «OskemenAgroProdukt» зауытына жіберген еді. Бұл өндіріс ошағы күнбағыс майының 83,2 мың литрін өндіріп шыққан. Ал дайын өнім азық-түлік келісімшарт корпорациясының иелігіне өтті.
Тегтер #әлеуметтік баға #күнбағыс майы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz