Биыл Риддерде жылу жүйелерін жаңартуға 3,5 миллиард теңге қажет. Былтыр Үкіметтен 2,7 миллиард теңге бөлініп, 19 шақырымға жуық желі жөнделген болатын, деп хабарлайды 24kz.
Енді 6 шақырымға жуық магистралдық каналды ауыстыру жоспарланып отыр. Онымен өтетін құбыр ұзындығы 11 шақырымға жетеді. Қаланың жылу желілері тепловизор орнатылған дрондар арқылы зерттелді.
Нұрлан Рамазанов, ШҚО Энергетика және ТКШ басқармасының басшысы:
- Риддер қаласында биыл 5.9 км жылу жүйелерін жөндеу жоспарланған, яғни, күрделі жөндеу. Қазір бұл тарапта біз жобалау-сметалық құжат дайындап қойдық. Тиісінше, министрлікке энергетикаға берілді. Мамыр айында осы қаржыландыру сұрағын шешуді жоспарлап отырмыз. Шешілсе, біз осы жаз айларында 5.9 км жөндеуді бастауды қарастырып отырмыз.
Тегтер #Риддер #жылу жүйелері #жөндеу жұмыстары #үкіметPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz