Балғындарды аймақтағы 16 сауықтыру орталығы қабылдайды, деп хабарлайды 24kz.
Одан бөлек, мектептердің жанынан 500-ге жуық шағын лагерь ашылады. Сонымен қатар тұрмысы төмен отбасылардың балалары тегін демалады. Олардың жолдамасына білім басқармасынан 121 млн теңге қарастырылған. Сондай-ақ лагерьдегі оқушылар өңірдегі тарихи орындарға саяхат жасайды. Ал, мектептегі балғындар үшін де арнайы бағдарлама әзірленген. Жалпы қазір өңірде мектеп жасындағы 134 мың бала бар.
Марина Ли, облыстық білім басқармасының бас маманы:
- Былтырдан бастап біз мектеп аумағына киіз үй немесе арнайы шатырлар тігіп, оқушыларға ұлттық дәстүрлерді дәріптеуді қолға алдық. Бұл үрдіс биылда жалғасады. Осы жылы 49 киіз үй құруды көздеп отырмыз. Ол жерде оқушылар қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен қолөнерін меңгеретін болады. Сондай-ақ лагерьдегі балғындарға тарихи жерлерге арнайы экскурсиялар ұйымдастырылады.
Тегтер #Ақмола облысы #оқушылар #жазғы лагерь #жолдамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz