Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды электронды бақылау құралдары арқылы қадағалаудың тиімділігі артып келеді, деп хабарлайды 24kz.
Арнайы білезіктің көмегімен өткен жылы 160-тан аса құқықбұзушылық анықталған. Биылдың өзінде жазасын өтеу тәртібін бұзу бойынша 94 факт тіркеліпті. «Қылмыстық атқару жүйесіне енгізілген тың технология мамандар жұмысын жеңілдетіп қоймай, қылмыстың алдын алуға мүмкіндік береді», - дейді мамандар. Олар қадағалау құрылғысы арқылы сотталғандардың жүріс-тұрысын нақты уақыт режімінде қашықтан көріп отыра алады. Заң талабын бұзған жағдайда бір реттік ескерту беріледі. Оны тағы қайталаса, жазасын өтемеген мерзім ішінде бос бостандығынан айыру қарастырылған.
Айта кетсек, қазіргі таңда Астана қаласы бойынша 2616 адам пробация қызметінің есебіне алынған.
Анаргүл Омарбекова, қалалық ҚАЖ департаменті пробацияға басшылық ету бөлімінің бастығы:
- Бізде қазіргі таңда сотталғандарды есепте тұрған соң біз оларға білезікті кигіземіз. Оларды күнделікті биомонитор арқылы бақылауда. Ол сотталғандардың үй тұрмыстарын, жүріс-тұрысын бақылайды. 2024 жылы 220 білезік алған болса, былтырғы жылға қарағанда қылмыстың саны азайды.
Талғат Әбішев, қала тұрғыны:
- Қылмыс жасайтын кезде қатты ішкен болатынмын. Пальто ұрлап, осындай жаза қолданды маған. Қазір жазамның қалған мерзімі 9 ай.
Тегтер #пробация қызметі #электронды білезік #қылмыс #құқық бұзушылық
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz