RU
Толық нұсқаға өту

Шегірткемен күрес шараларына ₸7,1 млрд бөлінді

14.05.2025, 16:50 645

Агроөнеркәсіп субъектілері агродрондар мен бүріккіш құралдар үшін демеу қаржы ала алады. Брифингте шегірткемен күрес шаралары жайлы баяндаған ауыл шаруашылығы вице-министрі осылай деді. Айтуынша, былтыр алқаптарды өңдеу жұмыстарына дрондар пилоттық режимде қолданылған. Нәтижесінде жоба әлдеқайда тиімділігін көрсетіп, инвестициялық субсидия қағидаларына өзгеріс енгізілді.

Биыл елде 2,1 млн га аумақта үйірлі шегіртке тектес зиянкестердің таралуы болжанып отыр. Бұл былтырмен салыстырғанда 1 млн гектарға қысқарған. Зиянкестермен күрес шараларына республикалық бюджеттен 7,1 млрд тг бөлінді.

Ермек Кенжеханұлы, ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі:

- Агроөнеркәсіп субъектілері сатып алынған агродрондар мен жерүсті бүріккіштер құнының 25%-тік өтемін алуға мүмкіндік беріліп отыр. Зерттеушілердің жұмысын оңтайландыру үшін дрондар мен жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, шегіртке тектес зиянкестердің таралу алаңдарын зерттеу бойынша геоақпараттық жүйе әзірленіп жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz