Өңірлік стандарттар жүйесін ел аумағында жедел енгізуді Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев тапсырды. Ол министрліктер мен облыстық, қалалық әкімдіктердің қатысуымен кеңес өткізді.
Бұл жүйе елді мекендердің дамуын тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын әділ бөлуге мүмкіндік береді. Қанат Бозымбаевтың айтуынша, негізгі басымдық стандарттар жүйесі бойынша қамтамасыз етілу деңгейі ең төмен елді мекендерге беріледі. Жүргізілген мониторинг нәтижесінде Абай және Ұлытау облыстарында инфрақұрылым деңгейі төмен екені анықталған. Сондықтан бұл өңірлердегі жобалар бірінші кезекте қаржыландырылады.
Тегтер #Қанат Бозымбаев #ауылды дамыту #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz