RU
Толық нұсқаға өту

Қызылорда облысында 60 мың гектар жер шегірткеге қарсы дәріленеді

14.05.2025, 21:40 569

Қызылорда облысында 60 мың гектардан астам алқап шегірткеге қарсы өңделеді, деп хабарлайды 24KZ. Дәрілеу жұмыстарына алғаш рет дрондар тартылады.

Зиянкестерге қарсы шараларды жүзеге асыру үшін барлық елді мекенде тиісті техника мен жауапты мамандар бекітілді. Дәл қазір өңделетін аумақтарға алдын ала мониторинг жүргізіліп, қажетті мәліметтер жинақталды. Былтыр 50 мың гектардай жайылым мен шабындық дәріленді.  

Мұхтар Оразбаев, аумақтық инспекция басшысы:

- Биылғы осы италиялық прус шегірткесіне қарсы Қызылорда облысы көлемінде жоспарланған 98%-і сол Арал ауданынан шығып жатыр. Өйткені арғы жағынан Ұлытау облысы, Ақтөбе облыстарынан кезінде ұшып келгені байқалады. Қазір жұмыртқа күзгі салған жерлердің бәрін қадағалап, зерттеу жұмыстары жасалып жатыр. Барлығынан да жер бетіне дернәсілдер шығып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz