RU
Толық нұсқаға өту

Майқайың кентінде жапырақ жемірі қаптап кетті

14.05.2025, 21:50 452

Павлодар облысының Майқайың кенті тұрғындарынан маза қаша бастады, деп хабарлайды 24KZ. Олар рапс жапырақ жемірінен аяқ алып жүре алмай қалған.

Жәндіктер бау-бақшаны былай қойып, үйге де кіре бастады. Ақсу, Баянауыл және Павлодар аудандарында жаппай тараған қоңыздар өсімдіктің жапырағын кеміріп, орасан зиян келтіреді. «Бірақ адамдарға қаупі жоқ. Сол себепті зиянкестің бұл түрі карантиндік тізімге енбеген», – дейді аумақтық инспекция өкілдері.

Елена Бегимова, облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы:

- Биыл қыс ерекше жылы болды. Бұл көптеген зиянкестің таралуына ықпал етті. Біз рапс жапырақ жемірін қолмен жинап, жоюға кеңес береміз. Себебі елді мекендерде химиялық препараттар қолдануға болмайды. Күн күрт ысып кетсе, қоңыздар жердің астына кіріп кетеді. Бірақ кейін қайтадан пайда болады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz