Былтыр 123 мыңнан астам жұп шаңырақ көтерді.
Бұл алдынғы жылмен салыстырғанда 2,2 пайызға артық. Отбасылық өмірге қадам басқандардың дені жаз айларында жұптасуды жөн көрген екен. Мәселен, маусымда 11, шілдеде 13, тамызда 12 мың қыз-жігіт неке қиған. Бұл жайлы Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметі хабарлады. Сондай-ақ бюро қызметкерлері ажырасқандар жайында да ақпарат таратты. Айтайық, былтыр 40 мың отбасы ажырасқан. Тұрмыста тіл табыса алмағандардың ішінде қалалықтардың қатары қалың. Ажырасудың мың адамға шаққандағы жалпы коэффициенті 2 пайыздан асады.
Маусым – 11 675
Шілде – 13 739
Тамыз – 12 936
Қала - 30,1 мың
Ауыл - 10,4 мың
Тегтер #неке қию #Қазақстан #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz