Қостанай облысында үш жол айрығы, 20 көпір, темір жол өткелі және елді мекендерде кіреберіс жолдар салынады.
Нәтижесінде Астнадан батыс облыстарға қатынайтын бағыт 560 шақырымға қысқарып, 5 сағатқа жылдам жетуге мүмкіндік береді. Мамандар осы өңірге жұмыс сапарымен барған Олжас Бектеновке алдағы жоспарларды баяндады. Сондай-ақ «Орталық-Батыс» күре жолын салу жобасы бойынша да ақпарат берілді. Үкімет басшысы құрылысты бір ай ішінде аяқтауды тапсырды. Себебі бұл тікелей Президенттің тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатқан жоба екенін еске салды. Сондай-ақ Олжас Бектенов «Жезқазған-Петропавл» республикалық автожолының жөндеу мен Арқалықтағы әуежайды қалпына келтіру жұмыстарымен танысты. Бұдан бөлек өңірдің жылыту маусымына дайындығын тексерді. Арқалық жылу электр орталығының қызметі мен жылу желілерін жаңғырту жоспарымен танысты. Қазір бұл станса 375 ғимаратқа қызмет көрсетіп отыр.
Тегтер #Олжас Бектенов #Қостанай облысы #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz