RU
Толық нұсқаға өту

Шерзат ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр 

15.05.2025, 13:43 575

Талдықорғанда Шерзат Полат ісіне қатысты сот отырысы жалғасып жатыр.

Бүгінгі процеске де жәбірленуші Қаржаубай Нұрымов пен оның отбасы қатыспады. Негізінен бірнеше күн қатарынан сотталушы Дархан Әскентайдан сұрақ-жауап алынуда. Және дүкен ішіндегі камераның видеосы қаралып, қайғылы жағдайға қатысты жантүршігерлік бейнежазба жарияланды. Видеода не көрсетілген?

Шыңғыс Қалиден, тілші:

- Пәтер балконынан түсірілген видеода көше бойындағы жағдай көрініс тапқан. Онда жан ұшыра жедел жәрдем шақыртуды сұраған адамның дауысы естілді. Соған қарамастан жерде жатқан Шерзат пен Нұрқанатты бір топ адамның соққаны, тепкені және мылтықпен ұрғаны көрсетілді. Осы жазбадағы Дархан Әскентайдың іс әрекетіне байланысты сот сараптамасының нәтижесі оқылды. Еске сала кетейін бүгін күдіктілердің бірі Дархан Әскентай төбелеске қатыспағанын, тараптарды ажырату үшін барғанын айтты. Аталған сотталушы өткен процесте тергеу кезінде берген сөзінен бас тартқан болатын. Жалпы сот процесінде сот төрағасы Ержан Жанұзақов адвокаттарға сот процесіне құқықтық баға бермеу керектігін айтып, үкім шыққанға дейін дәлелсіз ақпарат таратпауды сұрады.  Айыпталушылардың адвокаттары істі толығымен прокурорға кері қайтарып, қайта қарауды сұрады. Бұл өтінішпен прокурорлар келіспеді. Судья ұсынысты қанағаттандырмады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz