RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында суару кезеңі 25 күнге ерте басталды

15.05.2025, 14:00 476

Жамбыл облысының диқандарына былтырғыға қарағанда екі есе көп су берілді.

Биыл суару маусымы басталғалы жергілікті шаруалар 44 млн текше метр су алды. Осылайша өңірдегі 15 мың гектар егіс алқабы суарылды.  Айта кетейік, күннің ыстығынан өңірде суару кезеңі 25 күнге ерте басталды. Ал жауын-шашын болмағандықтан, суға сұраныс екі есе артты. Қазір "облыста Киров су қоймасынан су жіберу көлемін ұлғайту бойынша Қырғызстанмен  келіссөз жүргізілді", деп хабарлады өңірдегі «Қазсушар» филиалының директоры Қайрат Аманов.

Ақылбек Бәйтіков, егінші:

-  Сумен мәселе жоқ. Егінімізді суарып жатырмыз. Пияз ектім, жақсы өсіп келеді. Тамшылатып суару жүйесі тиімді, суды, дәріні үнемдеуге көмектеседі. Енді гектарына 70-80 тонна өнім жинаймыз деп есептеп отырмыз

Әбдібек Шымырбаев, Қызылшарық ауылының тұрғыны, шаруа қожалығының иесі:

- 13 гектар арпа ектім. Қазір бір рет суарып қойдық. Су мол келіп жатыр. Тек келісім-шартқа отырып, ақшасын төлеу қажет. Қазақта «судың да сұрауы бар» деген сөз бар. Біздің жер ылғалды жақсы ұстайды. Бір мәрте суарсақ, сол бізге жеткілікті. Оның өзінен жақсы өнім аламыз. Жоңышқаны да бір рет суарғаннан кейін, екі рет орып аламыз. Гектарына 150-170 орам шөп аламыз. Бұл өзіміз бағатын малға жетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz