Батыс Қазақстан облысында несие серіктестігінің басшысы 150 миллион теңгені заңсыз иемденгені әшкереленді, деп хабарлайды 24kz.
Мансабын пайдаланған басшы «Агробизнес» бағдарламасы аясында өз бақылауындағы шаруа қожалығына 127 млн теңге көлемінде жеңілдетілген несие рәсімдеген. Кейін бір бас та ірі қара сатып алмастан жалған құжат жасау арқылы қаржыны қолма-қол ақшаға айналдырған. Одан соң қағазда бар, қорада жоқ малға 24 млн теңге субсидия алған. Түскен ақшаға қаладан жер телімдерін сатып алып, сауна мен сауда үйін салған. Ол мүлікті туысының атына рәсімдеген. Қазір іс сотта қаралып жатыр.
Лаура Оразғалиева, БҚО Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің тергеушісі:
- Сот санкциясымен жалпы құны 198 млн теңге болатын мүлікке, 2 жер теліміне, сауда үйіне, саунаға және автокөлікке тыйым салынды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу қолданылды.
Тегтер #Батыс Қазақстан облысы #Агробизнес бағдарламасыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz