RU
Толық нұсқаға өту

Шерзат ісі: қайғылы жағдайдың бейнежазбасы көрсетілді

15.05.2025, 20:14 336

Шерзат Полаттың қазасына қатысты сот отырысында тағы бір күдікті берген жауабынан бас тартты, деп хабарлайды 24kz.

Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев Талғардағы тергеу барысында қысым көрсетіліп, күш қолданғанын айтып шағымданды. Ол тағылған айыппен ішінара келіспейтінін де алға тартты. Жалпы бүгінгі сот отырысында куәгерлер түсірген қайғылы жағдайдың бейнежазбасы көрсетілді. Онда жанұшыра жедел жәрдем шақыртуды сұраған адамның дауысы естілді. Соған қарамастан көшеде жатқан Шерзат пен Нұрқанатты Нұрбол Тоқтаубаевтың тепкені, өзге де сотталушылардың соғып, мылтықпен ұрғаны байқалады. Ағасынан кейін інісі Азамат Тоқтаубаев куәлік етіп, сұрақтарға жауап берді. Процесс кезінде айыпталушылардың адвокаттары істі толығымен прокуратураға кері қайтарып, қайта тергеуді сұрады. Бұл өтінішті судья Ержан Жанұзақов  қанағаттандармады. Сондай-ақ ол қорғаушыларға үкім шыққанға дейін сот процесіне құқықтық баға бермеу керектігін ескертті.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz