Алматыда Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қариннің төрағалығымен «Қазақстан тарихы: ежелгі дәуірден бүгінге дейін» атты академиялық жеті томдықты даярлау жөніндегі редакция алқасының жиыны өтті, деп хабарлайды 24kz.
Редакция алқасының алдында тұрған басты міндет – көптомдықтың мәтінін, оған енгізілген карталар мен иллюстрациялық материалдарды түпкілікті сараптап, бекіту. Алқаның құрамында көптомдықтың жетекшілері мен авторлары, Ұлттық музейдің, Орталық мемлекеттік архивтің, Тарихшылардың ұлттық конгресінің басшылығы бар. Сондай-ақ оған академиктер, тарихшы ғалымдар, этнология, тарихи география, архив ісі, филология салаларындағы жетекші мамандар, ғылыми-зерттеу институттары және жоғары оқу орындарындағы тарих кафедраларының өкілдері мүше. Жиын барысында редакция алқасының жұмыс жоспары талқыланды. Соған сәйкес маусым айынан бастап әр томның қолжазбасы кезең-кезеңімен мұқият тексеріліп, беттеу жұмыстарына жіберілетін мәтіннің соңғы нұсқасы бекітілуі керек.
Тегтер #Алматы #Қазақстан тарихы #редакция алқасы #Ерлан Қарин
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz