RU
Толық нұсқаға өту

Өскемендік әскери отбасының бірлігі мен берекесі көпке үлгі

15.05.2025, 22:43 311

Әскери сала қызметкерлерінің сенімді тірегі – отбасы. Сүттей ұйыған шаңырақтың қорғаны болған офицер Дастан Құсановтың әулеті оның жиі шығатын іс-сапарлары мен әскери жиындарына үйреніп кеткен.

Өскемендік әскери жақындарына тосынсый жасап, таңқалдырудан жалықпайды.

Қарлығаш Қасиетова, тілші:

- Дастан Құсанов қызметтен тыс уақытын отбасына арнайды. Жасы сексеннен асқан ата-анасы балаларының тілеуін тілеп, немерелерінің тәтті қылығын қызықтаумен жүр. Үлкеннің алдынан кесе-көлденең өтпейтін сүйікті жары Баян да әрдайым олардың жанынан табылады.

Гүлзада Сәрсенбаева, анасы:

- Бізде мысалы отбасы құрғаннан кейін бізде отбасымызда ұрыс болады, тағы да не болады. Балалардың көзінше біз бір де бір рет ұрсысқан жоқпыз. Менің үш қызым, бір ұлым бар. Дастан ұлыма бір қатты сөз айтқан жоқпын. Тәртіпті болды өзі кішкентай кезінен.

Құсановтар отбасы үйде отырғанды ұнатпайды. Бәрі бірге саяхатқа шығады. Кейде өзен трамвайымен серуендейді. Әскери адам үшін мұндай демалыстың маңызы зор. Сергіп, тынығып қайтады. Аға лейтенанттың жары Баянның айтуынша, Дастан тосынсый жасағанды жақсы көреді. Жалақысын үнемдеп, биыл отбасына Мысырға жолдама сыйлаған.

Баян Құсанова, жары:

- Жанұялық өмірде ең қызығы, осы балалардың бақытымен біздің ата-аналарымыздың жанымызды отырғаны. Бізде Дастан бізге әрқашан көңіл бөледі. Биылғы жылы 8 наурызға жолдасым бізге енді Египет еліне саяхат сыйлады. Өте әсерлі болды, өте қуаныштымыз.

Генералдың әйелі болу үшін лейтенантқа тұрмысқа шығу керек. Кинофильмнен алынған осы қанатты сөз әлі күнге өзектілігін жоғалтпағандай. Дастан мен Баянның отау құрғанына он үш жыл болған. Осы уақыт аралығында қиындықтар да кездесті. Бірақ бақытты жандар оны бірлесіп жеңді.

Дастан Құсанов, ШҚО Қорғаныс істері департаментінің байланыс тобының бастығы:

- Ең бастысы, Отанды қорғау. Әке-шешемді, балаларымды отбасымды. Қазақстан Республикасы отанымызды қорғау үшін.

Әр отбасының өз тарихы бар десек, Дастан мен Баянды әскери қызмет табыстырған. Екі жастың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасы кейін махаббат сезіміне ұласты.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Вячеслав Ветлугин, Дмитрий Пыхтин

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz