RU
Толық нұсқаға өту

Риддерде металлургтерге арналған көпқабатты үй салынады

15.05.2025, 22:50 266

Риддерде металлургтерге арнап көпқабатты үй салынады.

Бұл туралы Өскеменде Отбасы күніне орай өткен конференцияда айтылды. Жиында қоғам белсенділері, заңгерлер мен халықаралық құқық қорғаушылар отбасы институтын қолдау шараларын талқылады.

«Отбасындағы тыныштық пен береке адамның табысы пен әлеуметтік жағдайына тікелей байланысты», - дейді мамандар. Заңгерлердің айтуынша, жұмыс беруші қызметкерге барынша қолдау жасағаны жөн. Мысалы баспанамен қамтуға баса мән берілсе деген пікір айтылды. Одан бөлек, бала немесе қарт кісіге күтім жасау үшін демалыс беру сияқты жағдайлар ескерілуі керек.

Бибігүл Ағыбаева, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі:

- Осындай конференциялар, халықпен кездесіп, халыққа отбасылық институттың маңыздылығын түсіндеретін болсақ, сонымен қатар отбасылық қатынастарды дамыту үшін біз еңбек қатынастарымызда өз міндетімізді толыққанды 100% орындайтын болсақ, ол бірте-бірте отбасылық қатынастарды да нығайта береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz