Павлодар облысында шомылу маусымына орай 47 жағажай жасақталады, деп хабарлайды 24KZ. Олардың инфрақұрылымын жақсартып, шомылуға рұқсат етілген жерлерге барлау жүргізіледі.
Қазір құтқару қызметтері демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы мамандарды даярлап жатыр. Әсіресе балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларына ерекше мән беріледі. Облыс аумағында биыл 123 каркасты-модульді бассейн қызмет етеді. Ал суда шомылуға тыйым салынған аймақтардағы ескерту белгілеріне қосымша QR-кодтар орнатылады.
Темірлан Жапалбай, облыстық ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының офицері:
- Осы QR-кодтар арқылы бізде демалушылар осы «пляж» туралы ақпарат ала алады. Яғни оның тереңдігі, қандай да бір оқыс оқиға болатын болса, осы ақпаратта белгіленеді. Қазіргі таңда бізде 45 QR-код орнатылған.
Тегтер #Павлодар облысы #жағажай #шомылу маусымы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz