RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда прокуратура 89 пайшының құқығын қорғады

16.05.2025, 19:00 329

Атырау қалалық прокуратурасы 4 тұрғын үй-құрылыс кооперативінің заңсыз әрекеттерінен зардап шеккен 89 пайшының құқығын қорғады.

Прокуратураның ұсынысымен тұрғын үй кооперативі  және оның құрылтайшыларымен жасалған шарттар бұзылып, аяқталмаған құрылыс нысандарынан алынған 1,1 млрд теңгені пайшыларға қайтару туралы талап арызбен қалалық сотқа жүгінген еді. Сот оны заңды деп танып, талап арызды толық көлемде қанағаттандырды. Жалпы облыс бойынша 478 пайшы құрылыс компанияларына  4,7 млрд теңге қаражат құйған. Жоғарыда аталған 4 кооперативке қаржы салғандардың арызы біртіндеп қанағаттандырыла бастады, дейді бақылаушы орган өкілі.

Ерлан Кәкиев, Атырау қаласы прокурорының орынбасары:

- Жалпы қала прокурорларының атқарған жұмысы нәтижесінде «Қазанат» тұрғын үй кооперативінің жер учаскесі қайтарылып, 24 пайшы өз меншігіне ие болды. Сондай-ақ бізде қазіргі уақытта «Ақмаржан» ТҮК бойынша тұрғын үйдің пайдалануға берілуі  қамтамасыз етіліп, 115 пайшы пәтерге ие болды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz