ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Ұлытау облысындағы Жыланды кенішіне барды.
«Қазақмыс корпорациясына» қарасты өндіріс ошағында жұмысшыларға жасалған еңбек жағдайымен танысты.
Жыланды кеніші «Қазақмысқа» қарасты ең жас кәсіпорындардың бірі. Шамамен 800 ге жуық адам жұмыс істейді. Құрамына Итауыз, Қыпшақбай, Батыс және Шығыс Сарыоба кен орындары кіреді. Министр Светлана Жақыпова ашық әдіспен кен өндіретін карьердің жұмысын көзбен көріп, еңбеккерлерге жасалған жағдайлармен танысты. Қазақмыс корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары Саят Бакиров әлеуметтік жауапкершілікті арттыру аясында жасалған ұжымдық келісім шарт жөнінде баяндап берді.
Светлана Жақыпова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:
- Осында жұмыс істейтін азаматтардың қауіпсіздігі қалай сақталуда?! Біз бірінші кезекте соны қадағаладық. Өздеріңізге мәлім, қазір «Қазақмысқа» жаңа талаптар қойылуда. Аттестация өткізетін арнайы ұжымдар бар, сол ұжымдарға жаңа тапсырыстар беріледі. Жұмыс берушілермен бірге бұл бағытта тың тәсілдерді қарастырудамыз.
«Қазақмыс» үшін жұмысшылардың қауіпсіздігі мен еңбек жағдайы бірінші орында. Министр кеншілер асханасы, медпункт секілді орындарды аралап көрді. Корпорация қызметкерлерін әлеуметтік қорғауды күшейту үшін жаңа ұжымдық шарт қабылдаған. Жаңа құжатқа сәйкес жұмысшылар мен олардың отбасына берілетін әлеуметтік төлемдер еселеп артты.
Бақыт Түсіпбеков, ‘’Қазақмыс корпорациясы’’ ЖШС Жезқазған аймағы бойынша персоналды басқару жөніндегі директоры:
- Мәселен, бұрынырақта біздегі қызметкерлер кішкентайлы болса, оған бір реттік жәрдемақы 30 АЕК артты. Егер біздің жұмыскерлер бір-бірімен отау құрып жатса, оған берілетін жәрдемақы да көбейді. Жалпы аталған бағыттағы жұмыстарды қашан да назарда ұстаймыз!
Светлана Жақыпова «Қазақмыстың» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ұжымдық шартқа жаңадан енгізген қолдауларына оң бағасын берді.
Елдос Кәкенов, Нұрбол Үздікбаев
Тегтер #24KZ #Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі #кеншілер #жарнамаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz