RU
Толық нұсқаға өту

Сенат пен Ұлттық Банктің бірлескен оқыту курсы басталды

17.05.2025, 17:10 386

Астанада Парламент Сенаты мен Қазақстан Ұлттық Банкінің бірлескен оқыту курсы басталды, деп хабарлайды 24KZ. Жаңа бастама қатысушылардың ақша-несие саясаты жөніндегі білімін толықтыруды көздейді.

Жоба аясындағы алғашқы дәрісті палата спикері Мәулен Әшімбаев пен Ұлттық Банктің төрағасы Тимур Сүлейменов оқыды. Дәріс барысында ұлттық және халықаралық экономикадағы негізгі реформалар талданды. Сондай-ақ макроэкономикалық саясатты қайта жаңғыртуға арналған сараптамалық-заңнамалық жұмыстың басым міндеттері белгіленді. Төрт апталық курсқа 40 тыңдаушы қатысып жатыр. Олардың қатарында Сенат жанындағы Сарапшылар клубының мүшелері мен Талдау мектебінің түлектері және монетарлық саясат тақырыбына маманданған журналистер бар. Жобаның басты мақсаты – ақша-несие саясатын жан-жақты талқылау арқылы әр саладағы аналитиктердің бұл бағыттағы шешім қабылдау процесімен жақын танысуына жағдай жасау.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

- Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздіктерді жою керектігін бірнеше рет атап өтті. Бұл бағыттағы іс-әрекеттер сенімді деректерге, тыңғылықты талдауға және сапалы сараптамаға негізделуі қажет. Осы ретте жаңадан қолға алынып жатқан оқыту курсы Ұлттық Банк шешімдерінің қалай қабылданатынын, олардың инфляцияға, жұмыспен қамтуға, инвестицияларға, жинақтарға және елдің экономикалық өсуіне қаншалықты әсер ететінін түсінуге, осы бағытта тәжірибе жинауға жақсы мүмкіндік екені анық.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz