RU
Толық нұсқаға өту

Мысырда қазақстандық турист көз жұмды

19.05.2025, 10:35 395

Мысырда Шарм-эль-Шейх қаласының әуежайында қазақстандық туристердің үстіне жарнама тақтасы құлап, бір адам көз жұмды. Тағы екеуі жарақат алды. Олардың барлығы – әйел адам. Бұл туралы Tengri Travel агенттігі хабарлады.

Ақпаратты еліміздің Сыртқы істер министрлігі растады. Қазір Қазақстан елшілігі марқұмның туыстарымен байланыс орнатып, барлық сұрақ бойынша көмек көрсетіп жатыр. Ал зардап шеккен отандастарға қажетті медициналық қызмет көрсетілді. Мысыр билігі жағдайды бақылауға алып, оқиға орнына арнайы комиссия жіберді. Тергеу жүріп жатыр. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz