Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде ақша ұрлағандар ұсталды, деп хабарлайды 24KZ. Қаржылық мониторинг агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті қылмыстық істі тергеп-тексеру жұмыстарын аяқтады.
Күдіктілер қатарында ректордың міндетін атқарушы, қаржы және әкімшілік департаменттер директорлары, сондай-ақ серіктес ұйымдардың басшылары бар. Олар қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру фактісі бойынша күдікке алынды. Тергеу нәтижесінде университет қызмет көрсету, құрылыс-монтаж жұмыстары мен тауар жеткізуге қатысты жалпы сомасы 256 млн теңгені құрайтын жалған келісімшарттар жасағаны анықталды. Аталған жұмыстар іс жүзінде орындалмаған.
Салтанат Көшербаева, ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің басқарма басшысы:
- Бюджет қаржысы жалған актілер негізінде байланысы бар компаниялардың шоттарына аударылып, кейін қолма-қол ақшаға айналдырылған. Қылмыстық жолмен алынған кірістерге күдіктілер 6 қымбат көлік (Mercedes-Benz S-класс, Lexus LX570 және т.б.) пен Шымкент қаласының орталығынан құны 254 млн теңге болатын элиталық коттедж сатып алған. Оларға сот санкциясымен тыйым салынды. 4 күдіктіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды. Қылмыстық іс сотқа жолданды.
Тегтер #Шымкент #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz